Өзбек боксшылары қазақтардан қалай озды – бапкер пікірімен бөлісті

Редактор
14.11.2023, 12:27

Соңғы халықаралық жарыстарда өзбек боксшыларының алдына түсе алмай келеміз

Газета.uz

Бокстан Қазақстан құрамасын жаттықтырған бапкер Дамир Буданбеков Өзбекстан боксының қалай тез дамығанын түсіндірді. Маман «Дядя Ваня» деп аталатын Telegram-каналға сұхбат берген.

«Мен ұлттық құраманы екі рет: 1993-1996 және 2004-2010 жылдар аралығында жаттықтырдым. Сол кезде Бокс федерациясы мен барлық бапкерлер арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға тырыстым. Маған тек ассистенттер ғана емес, ұлттық құрамадағы боксшылардың жеке бапкерлері де көмектесті. Сондықтан біз жақсы нәтиже көрсеттік. 

Соңғы жылдары өзбектер де осы тәсілмен жұмыс істеп жатыр. Сондықтан олар халықаралық аренада өте жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Барлығы жүйелі жұмыстың арқасында. Қазақстан командасының да позициясы әлі мықты. Бірақ, жеңсек те, жеңілсек те біз бірге жұмылып жұмыс істеуіміз керек. Біз әр жеңілістен кейін кінәліні іздейміз, бұл дұрыс емес», - дейді Д.Буданбеков.

Айта кету керек, соңғы Азия ойындарынан кейін Өзбекстан құрамасының бас бапкері өздерін әлемдегі ең мықты команда екенін мәлімдеген болатын.