«Жаңалығым бар»: Садриддин Ахмедовтің келесі жекпе-жегі белгілі болды

Редактор
26.06.2024, 12:35

Ол кәсіпқой бокста 13 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен, 11-і нокаутпен

instagram.com/sadriddin_____soq/

Алғашқы орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралады. Екі жылдан бері рингке шықпаған боксшы бұл туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Оның айтуынша, жақын уақыттары ол жанкүйерлерін тәнті етпек. Алайда, бұл айқастың қайда және кімге қарсы өтетіні әзірге белгісіз.

«Ассалаумағалейкум баршаңызға! Алланың қалауымен 2 айдын көлемінде рингке қайта ораламын. Барлығы Алланың қалаумын және жоспарымен, көп күткен жекпе жектеріме шығамын!», - деп жазды боксшы.

Садриддин Ахмедов соңғы рет 2022 жылдың 24 желтоқсанында Алматыда жекпе-жекке шыққан болатын. Ол сол жолы Оңтүстік Африка өкілі Нкулеко Мхлонгоға (23-11-1, 18 КО) қарсы шығып, бірінші раундта жеңіске жеткен еді.