Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Не ағылшын білмейді, не ешкім танымайды». Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та сынның астында қалды

Редактор
12.07.2024, 16:49

Манук Акопян есімді автор «Қазақ стилі» мен оның қарсыласына тоқталған

Sports.kz

14 шілде күні Лас-Вегаста (АҚШ) орта салмақта WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайлович арасында жекпе-жек өтеді.

АҚШ-тың Boxingscene танымал порталы осы айқасқа қатысты хабарландыру жасап, Манук Акопян есімді автор «Қазақ стилі» мен оның қарсыласына тоқталған.

«Орта салмақта екі нұсқа бойынша әлем чемпионы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы әлемдік деңгейде өнер көрсетуге қажетті қабілеттердің бәріне ие. Оны әлемдегі ең танымал промоутерлердің бірі Top Rank қолдаса, ал оның менеджері – Эгис Климас. Оның айқастары ESPN телеарнасында прайм-тайм уақытында көрсетіледі», - деді ол.

Автор Әлімханұлының кемшіліктерін де атаған. 

«31 жастағы солақай қазақ боксшысы қазіргі уақытта бокстағы ең әлсіз дивизионда өнер көрсетеді. Ол қандай да бір у-шусыз шағын ғана алаңдарда бокстасып, өзінің танымалдылығын арттыру үшін жұмыс істемейді. Ағылшын тілінде де сөйлемейді. Қаншалықты әділетті екенін білмеймін, бірақ Әлімханұлын оның отандасы, әлемдегі үздік боксшылардың бірі Геннадий Головкинмен салыстыратындар көп. Triple G – ешкім білмейтін боксшыдан әлемдік брендке айналған адам», - деді Акопян.

Жарнама
Жарнама