Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жәнібек 2-3 айда рингке оралады – боксшының менеджері оның жағдайы туралы айтты

Редактор
12.07.2024, 23:47

Ол түнімен ауруханада шұғыл ем қабылдаған

Instagram/janibek_alimkhanuly

Салмақ қуамын деп бүйрегі сыр берген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы шамамен 2-3 ай емделіп, рингке қайта оралады. Бұл туралы оның менеджері Берік Сұлтан мәлімдеді.

Айта кетейік, 14 шілдеде Жәнібек жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда, денсаулығының сыр беруіне байланысты бұл жекпе-жек болмайды.

«Көп спортшылар сияқты біз де салмақ жасау барысында қиындыққа тап болдық. Бірінші рет осындай жағдайды бастан өткердік. Оңай емес екен! Түнімен ауруханада болдық! Мұны да көру керек болған шығар! Қазір Жәнібектің жағдайы бірқалыпты. Денсаулық бірінші орында! Бұйыртса 2-3 ай қалыпқа келіп, рингке қайта ораламыз», - деп жазды Б.Сұлтан әлеуметтік желіде.

Бұған дейін аталған бокс кешін ұйымдастырып жатқан Top Rank промоутерлік компаниясы Жәнібектің жекпе-жегі болмайтынын хабарлаған еді. Оның орнына Раймонд Мураталла мен Тевин Фармер арасындағы айқас кештің басты жекпе-жегі таңдалған.

Жәнібек Әлімханұлы – кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.

Жарнама
Жарнама