Қарсыласы әзірге белгісіз
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев (17-1, 8 KO) жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізбекші. Бұл туралы Prosports.kz порталы жазды.
Жерлесіміз екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Қазіргі таңда ол WBA Inter-Continental белбеуінің иегері.
Сойлыбаевтың кездесуі 2 желтоқсанда Түркияның Трабзон қаласында өтеді. Қарсыласы әлі анықталмаған.
Еске салайық, бұл Бекманның биылға үшінші жекпе-жегі. 3 тамызда ол Ташкентте украиндық Александр Егоровпен жұдырықтасып, үшінші раунда нокаутпен жеңіске жетті.