Отандасымыз алғашқы кездесуінде Иордания боксшысына есе жіберді
Асланбек Шымбергенов үшін Париж Олимпиадасы аяқталды. Отандасымыз алғашқы кездесуінде Иордания боксшысы Зейяд Ишаишқа төрешілер шешімі бойынша есе жіберді.
Кездесу бойы шабуылдау болмағанымен шешуші сәтте қазылар жеңісті Иордания өкіліне берді. Осылайша әлем чемпионы, Париж Олимпиадасында еліміздің туын ұстаған Асланбек Шымбергенов турнирді аяқтады.
Отандасымыз өткен жылы әлем чемпионы атанған болатын. Ол Париж Олимпиадасының жолдамасын Италияда өткен іріктеу бәсекесінде иеленген болатын. Турнир алдында спорт сарапшылары отандасымызды 71 келіде чемпион атануы мүмкін басты боксшы ретінде атаған болатын.