Назым Қызайбай бразилиялық боксшыны айқын жеңіп, ширек финалға шықты

Редактор
01.08.2024, 18:48

Оның келесі қарсыласынң кім болары әзірге белгісіз

Қазақстан бокс федерациясы

Қыздар боксынан Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғап жатқан Назым Қызайбай (50 кг) 1/8 финалда бразилиялық Каролайн Барбоза де Алмейдамен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.

Бірінші раундта қазақ қызы рингте еркін қозғалып, толықтай басымдық танытты. Нәтижесінде, төрешілер осы кезеңде оған 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал, екінші раундта бразилиялық боксшы ашық төбелеске бармақ болған. Дегемен, Назым оны қарсы соққылармен күтіп алып, тағы да раундты жеңіп шықты, есеп 4:1.

Соңғы шешу кезеңде Қызайбай Алмейдаға ашылып жұдырықтасуға тағы да мүмкіндік бермеді. Оның сериялық соққылары қарсыласына жиі дөп тиіп, қарымта шабуылда да сәтті әрекет етті.

Нәтижесінде төрешілердің бірауыз шешімімен Қазақстан боксшысы жеңіске жетті.