Париж Олимпиадасына Қазақстанның ерлер құрамасы толық құрамда – жеті боксшымен барып, оның алтауы жеңілді
Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бокстан Олимпиада ойындарынан ерлер арасында кемі екі медальмен оралып жүрген. Осы жолы антирекорд болды.
Еліміз 1996 жылдан бері жазғы Олимпиада ойындарына қатысып келеді. Осы жылдар ішінде 1996, 2000, 2016 жылдары төрт медаль алдық. Сиднейде екі алтын болса, қалғандарында бір реттен топ жардық. Ең аз медаль 2008 және 2020 жылғы Олимпиадада тіркелді. Бейжіңде 1 алтын, 1 қола болса, Токиода 2 қоламен қайттық.
Осы жолы жартылай финалға Нұрбек Оралбай ғана шықты (80 келі). Әзірге оның жүлдесі қандай болатыны белгісіз.
Қыздардан Назым Қызайбай бар. Ол бүгін ширек финалда колумбиялық қарсыласымен кездеседі.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасына Қазақстанның ерлер құрамасы толық құрамда – жеті боксшымен барып, оның алтауы жеңілді.