Бас бапкер Нұрбектің барлық боксшымыз үшін бокстасасатынын атап өтті
Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов Нұрбек Оралбай финалға шыққан соң пікір білдірді.
«Доминикан боксшысының алдыңғы кездесулерін көрдік. Мықты былғары қолғап шеберлерін ұтты. Қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатханнан басым түсті. Соның бәрін зерттедік. Алға бармай, өзін шақырып, керек жерде нақты соққылар жасау керектігін айттық. Тапсырманы толық орындап шықты. Былайша айтқанда, жігіттердің кеткен есесін қайтарды деп ойлаймын. Бұйыртса, финал. Жақсылап дайындалып шығады, бар күшін салады. Бір адам ғана қалды. Сондықтан барлық боксшымыз үшін бокстасады», - деді бас бапкер.