Нұрбек Оралбайдың финалдағы қарсыласы анықталды

Редактор
04.08.2024, 21:07

Финалдық айқас 8 тамыз күні өтеді

EPA/UPG

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі) Париждегі Олимпиада ойындарының финалындағы қарсыласы анықталды.

Оралбай алтын медаль үшін таласта украиналық Александр Хижнякпен кездеседі. Ол жартылай финалда кубалық Арлен Лопесті ұтты.

Финалдық айқас 8 тамыз, бейсенбі күні, Астана уақытымен 1:51-де басталады.

Нұрбек Оралбай - қазіргі әлем чемпионы. Ол былтыр Ташкентте өткен әлем біріншілігінде топ жарған. Ал

Александр Хижняк - Токиодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.