Ол Қазақстан халқын ерекше құрметтейтінін де мәлімдеді.
Париж Олимпиадасында қазақ боксшысы Мұхамедсабыр Базарбайұлын жеңген грузин Лаша Гурули қарсыласымен бірге ас ішіп отырған фотосуретін көпшілікке көрсетті.
Әлеуметтік желіде жарияланған фотода қазақ пен грузин боксшылары бір дастархан басында тамақтанып отырған сәт бейнеленген.
«Бұл – спорт. Бүгін мен жеңсем, ертең ол жеңеді. Бастысы, өзіңді жоғалтып алмай, еліңді ұятқа қалдыратын пікір жазбаңыздар. Қазақстан халқына құрметім шексіз», - деп жазды Гурули осынау фотоның астына.
Еске салайық, Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Лаша Гурули Париж Олимпиадасының ширек финалында кездесті. Жекпе-жек тартысты өтіп, төрешілер жеңісті грузин боксшысына берген. Алайда, мұнымен келіспеген Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті төрешілердің үстінен шағым түсірді. Бірақ, бұл қадам кездесу нәтижесіне еш әсер еткен жоқ.
Олимпиадаға арналған PARIS промокоды бойынша 20 000 ₸ бонус алыңыз!
Париждегі Ойындардың ашылуына орай, FONBET жаңа клиенттерге арнайы Олимпиадалық бонус 20 000 ₸ ұсынады!
Қалай алуға болатынын жоғарыдағы суреттен оқыңыз және PARIS промокодымен мына сілтеме арқылы тіркеліңіз: http://www.fonbet.kz/s/Rb4Irh