Парижге қыздар құрамасынан үш боксшы келген болатын
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Жартылай финалдық бәсекеде отандасымыз қытайлық У Юдан жеңіліп қалды.
Қытай боксшысы үш раунд бойы басымдықты уысынан шығарған жоқ. Бірінші мен екінші раундта төрешілер жеңісті оған 4:1 есебімен берсе, бесінші раундта У Ю қазақ боксшысынан бір бас жоғары өнер көрсетті. Қорытынды есеп – 4:1.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – әлемнің екі дүркін чемпионы. Ол 30 жаста. Ұзақ үзілістен кейін әуесқой боксқа қайта оралып, Олимпиада ойындарына қатысты.
Қытайлық У Ю болса 2023 жылғы әлем чемпионы. Финалда ол Түркия – Филиппины боксшыларының өай жеңгенімен жұдырықтасады.
Париж Олимпиадасына барған Қазақстан қыздар құрамасы осымен жарысты толықтай аяқтады. Төртжылдықтың басты бәсекесіне Елдос Сейдалин жаттықтыратын команданың үш боксшысы келген болатын. Олардың екеуі жеңілсе, бірі қола медальға ие болып отыр.