Ол 2022 жылдан бері рингке шықпаған
Әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (13-0, 11 КО) 1 қыркүйекте АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.
Садриддин Санта-Инес қаласында (Калифорния штаты) өтетін Hollywood Fight Nights бокс кешінде өнер көрсетпек. Оның қарсыласы америкалық Антонио Тодд (17-10, 9 КО) болады.
Бүгін жекпе-жек алдында қос боксшы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Орта салмақ 72,5 келіден аспауы тиіс. Садриддин Ахмедов таразыда 72,3 келіні көрсетсе, оның қарсыласының салмағы тура 72 келі болды.
Айта кетейік, Садриддин Ахмедов 2022 жылдан бері рингке шықпаған. Соңғы рет ол Алматыда өткен бокс кешінде жұдырықтасып, африкалық боксшыны нокаутпен жеңген. Оның алдында канадалық промоутермен жұмыс істеп, жекпе-жектерін сол елде өткізді.