ІВА жаңа турнир бастамақ: оған Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары қатысады

Редактор
02.09.2024, 17:37

Халықаралық бокс федерациясы қытайлық инвесторлармен бірut IBA Kunlun Fight World Cup турнирін өткізеді

ҰОК

16 қарашада Қытай астанасында бокстан ірі халықаралық турнир өтеді. Бейжіңдегі жарыста қазақстандық былғары қолғап шебері Абылайхан Жүсіпов пен Өзбекстан құрамасының өкілдері бақ сынайды.

Халықаралық бокс федерациясы қытайлық инвесторлармен бірігіп IBA Kunlun Fight World Cup атты жаңа турниді қолға алды. Ол жақта әрбір салмақта сегіз боксшыдан қатысады. Ал жеңімпаздар 2 миллион доллар сыйақы қорын өзара бөліседі.

Біздің елдің атынан аламанға тек Жүсіпов барады. Ол әлем біріншіліктерінде жүлдегер атанып жүрген боксшы. Азия біріншілігінде күміс жүлдегер атанып, сонымен қатар 71 келіде Токио олимпиадасына қатысқан.

Ал Өзбекстаннан екі спортшы бақ сынайды. Солардың бірі Абылайханның қарсыласы – Саиджамшид Джафаров. Екіншісі – 63,5 келіде бокстасатын қандасымыз Руслан Абдуллаев.

Материалда: