22 жастағы Богдан Өтегенов кәсіпқой бокста 4 айқасқа шықты
Өзбекстан боксшысынан ойсырай ұтылған қазақ боксшысы кубалық әлем чемпионына қарсы жекпе-жекке шақырту алды. Бүгін БАӘ-де еліміздің кәсіпқой боксшысы Богдан Өтегенов айқасқа шығады.
Отандасымымыздың қарсыласы кубалық Алексис Дамьян Гуйберт бұған дейін жекпе-жегін БАӘ-де өткізген. Ол барлық кездесуде жеңіске жетіп, оның екеуін уақытынан бұрын ұтты.
Айта кететін жайт, бостандық аралының өкілі әуесқой бокста жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған.
Ал 22 жастағы Богдан Өтегенов кәсіпқой бокста 4 айқасқа шықты. Ол алғашқы үш сында жеңіске жеткенімен, соңғы рет өткізген жекпе-жегінде Өзбекстан өкілі Камронбек Тургонбековтен техникалық нокаутпен ұтылған еді.