Акихиро Кондо Жанқош Тұраровты нокаутпен жеңеді – жапондық спорт сарапшылары

Редактор
05.12.2023, 15:56

Бұл жекпе-жекте екі бірдей белбеу сарапқа салынады

Instagram

10 желтоқсан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дүбірлі кәсіпқой бокс кеші өтеді.

Турнирдің басты оқиғасы – 28 жекпе-жекте жеңіліс көрмеген отандасымыз Жанқош Тұраров пен 37 рет қарсыласын тізе бүктірген жапондық танымал боксшы Акихиро Кондо арасындағы жекпе-жек болмақ. Сарапқа IBO World пен WBA Gold World әлем чемпионы белдіктері салынады.

Жапондық сарапшылар мен журналистер Кондо Жанқошты мерзімінен бұрын жеңеді деген тұжырымдарын айтуда.

Турнир аясында жерлестеріміз Виктор Коточигов, Балауса Мұздыман, Елшат Нығметолла және басқа да боксшылар жекпе-жектерін өткізеді.

Билеттер zakazbiletov.kz сайтында сатылымда.