Махмұд Сабырхан неге жеңіліп қалды – бас бапкер жауап берді

Редактор
03.10.2023, 10:54

Ол Солтүстік Корея боксшысына есе жіберген еді

Vesti.kz

Қытайда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында жеңіліп қалған боксшымыз Махмұд Сабырхан Олимпиада жолдамасынан қағылды. Ұлттық құраманың бас бапкері осы жекпе-жекке қатысты өз пікірін білдірді.

Айта кетейік, М.Сабырхан – әлем чемпионы. Ол осы жарыста жаңа салмақта өнер көрсетті. Бұған дейін 54 келіде жұдырықтасса, Қытайға 57 келі салмақта бағын сынап, Солтүстік Корея боксшысынан жеңіліп қалған.

«Жаңа салмақ әрі мықты қарсыластар болды. Бірақ, Махмұдты жеңілді деп айта алмаймын, жекпе-жегін өздеріңіз көрдіңіздер», – деп қысқа қайырды Мырзағали Айтжанов.

Айта кетейік, Азия ойындарына бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы 7 боксшы апарды. Олардың тек екеуі ғана – Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев жарысты жалғастырып жатыр. Бүгін қос боксшымыз жартылай финалда бақ сынайды.