Медалімді ломбардқа өткізбек болдым – Назым Қызайбай

Редактор
11.09.2024, 14:40

Боксшы қыз алғаш рет жүлде алған сәтін есіне алды

Видеодан кадр

Бокстан Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай “Сырласу” бағдарламасында алғаш рет медаль алған сәтін еске алды. Боксшы қыз бірінші орынға берілген алтын медалін ломбардқа өткізбек болғанын да айтып берді. 

"Алғашқы медалімді Қазақстан чемпионатында Ермахан Ибрагимов таққан болатын. Сол кезде Ермахан ағамен суретке түсіп, ең бірінші жеңісім осындай. Бізге медаль табысталатын уақытта оны алтын деп береді ғой, не дегенімен, бірінші орын. Мен оны тағып алып, алтын деп ойлап тұрмын, негізі шынымен алтын екенін ол кезде білмейтін едім. Содан "мынаны ломбардқа өткізіп, ақшасын үйге көмек ретінде берсем" деген ой келді. Көмектескім келді. Медальдің құны алтындай болды. Сол кезде көзге көріндім. Уақытымнан ерте әйелдер арасында жұдырықтаса бастадым. Бір боксшыны жеңдім, – деді Назым Қызайбай. 

Одан кейін боксшы құрама қатарына қосылған кезін еске алды.

“Кейінірек бір жиынға бас бапкер мені басқа қыздар келмей қалғандықтан олардың орнына шақырды. Ол кезде өзімді көрсету үшін жүгіретінмін. 2010 жылы Қазақстан бойынша әйелдер арасындағы чемпион болдым, содан кейін құрама қатарына қосылдым", - деді ол.

Біздің серіктес: FONBET