«Өздеріне тән мінезі бар»: Ресейлік маман Өзбекстан боксшыларына жоғары баға берді

Редактор
13.09.2024, 17:41

Ол бокстағы өзбек стилі жоғары деңгейге жеткенін айтты

kun.uz

Ресейлік сарапшы Стас Некарате  "Студия бокса Виктора Ялымова" youtube арнасына берген сұхбатында Өзбекстанның бокс құрамасына баға берді. Ол өзбекстандық боксшылардың еңбегін жоғары бағалаған.

«Рио олимпиадасындағы феноменнен бастайын. Бұлай болады деп ешкім күткен де, болжам да жасаған жоқ. Бірақ олар бәрін құлатты. Вэл Баркер кубогында көпшілік өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматовтың әрбір соққысына «әй, жарайсың» деп айғайлап отырды. Сол кезден бастап ұлттық құраманы бақылай бастадым. Жалпы түсінік қалыптасты. Біріншіден, Өзбекстандағы бокс – әлеуметтік баспалдақ іспеттес. Өзбекстандағы боксшылар Америкадағы рок жұлдыздары сияқты. Ауылдан шығып, өзін көрсетіп, тұлғаға айналады. Сондықтан бұл спорт түріне деген қызығушылық өте зор. Мемлекет үнемі сыйлық жасап, көлік, пәтер табыстап, ынталандырып отырады. Сонымен қатар, әділеттілік принципі қолданылады. Жеңіске жетпеген күннің өзінде жетістігіне сай бағаланады. Осылайша барлығы танымал жұлдызға айналғысы келеді. Оның үстіне жоғары деңгейде жаттықтыратын таланатты бапкерлер бар. Өздеріне тән мінезі бар өзбек стилін қалыптастырса да, кубалық мамандарға қызығады. Сонымен қатар әуесқойлар боксшылар күші мен қуатын кубалық бокс мектебімен біріктірді. Ішкі тәртіп, бапкерден жаттықтырушыға деген құрмет пен сабақтастық тағы бар. Осындай фактолар, мемлекеттік қолдау – жеңіске жетудің басты құпиясы», - дейді Стас Некарате.