Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде тағы да мәлімдеме жасады

Редактор
15.09.2024, 10:44

Қазақ боксшысы Twitter-де өзге боксшыларға жиі үндеу жасайды

Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) кубалық боксшы Эрисланди Лараны 31-3-3, 19 KO) «қорқақ» деп айыптады.

Лара бүгін АҚШ-та Альварес – Берланга жекпе-жегінің картында жұдырықтасып, Дэни Гарсияны жеңген болатын болатын. Оның еншісінде WBA чемпиондық белбеуі бар.

«Лара менімен ешқашан жұдырықтаспайды. Өйткені мен онымен рингте не істейтінімді жақсы біледі.

Әдетте чемпиондар чемпионды жекпе-жекке шақырады. Ал, Лараның мені жекпе-жекке шақыруға батылы жетпейді», - деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, қазақ боксшысы кубалықты соңғы бірер жылдан бері жекпе-жекке шақырып келеді. Алайда, Эрисланди Лара Жәнібекке мүлдем жауап бермеген.