Али Ахмедов нокдаунға түскеніне қарамастан, Франция боксшысын жеңіп шықты (ВИДЕО)

Редактор
Бүгін, 09:59

Ол Геннадий Головкиннің промоутерлік компаниясы атынан жұдырықтасып жүр

Фото ашық дереккөзден

Кәсіпқой бокстан орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Али Ахмедов (22-1, 16 КО) Дублинде (Ирландия) өткен бокс кешінде Франция боксшысын жеңіп шықты.

Отандасымыз бұрын Франция мен Еуропа чемпионы болған Пьер Дибомбемен (22-2-1, 12 КО) жұдырықтасқан. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланып, соңына дейін болды. Үшінші раундта Ахмедов қарсыласының ауыр соққысын өткізіп алып, нокдаунға түскеніне қарамастан, он раундтың нәтижесінде жеңімпаз деп танылды.

Осылайша, Али Ахмедов кәсіпқой рингтегі 22-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 16-сы нокаутпен және бір жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңілген.

Ал, Дибомбе үшін бұл екінші жеңіліс. Ол 22 рет жеңіске жетіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған.