«Президент сайлауына қатысамын». Қуат Хамитов саясатқа бет бұратынын мәлімдеді

Редактор
26.09.2024, 16:03

Спортшы алдымен депутат болғысы келетінін атап өтті

esquire.kz

Танымал қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов «Вестник ММА» басылымына берген сұхбатында спорттық мансабын аяқтағаннан кейін саясатта бағын сынап көргісі келетінін мәлімдеді.

«Мен бес жылдан кейін спорттық мансабымды аяқтаған соң, мүмкін депутат болармын. Одан кейін он жылдан соң, бәлкім, президент болуды қалайтын шығармын. Мен депутаттардың ештеңе өзгертпейтінін, олардың ешнәрсе істей алмайтынын көріп жүрмін. Депутат Ринат Зайытов менің жерлесім болып келеді. Ол жалғыз өзі күресіп, қандай да бір мәселелерді көтеріп жүр, бірақ оған үнемі кедергілер жасалады. Сондықтан, он жылдан кейін мені күтіңіздер, президент сайлауына қатысамын», - деді ол.

28 қыркүйекте Алматыда Қуат Хамитов кәсіби бокстағы дебюттік жекпе-жегін өткізеді. Ол аралас жекпе-жек бойынша Нұрберген Шариповпен қолғап түйістіреді.

Материалда: