Жиров неге азаматтығын ауыстырғанын түсіндірді

Редактор
29.09.2024, 21:45

Василий Жиров 1996 жылы АҚШ-қа кетіп, кәсіпқой бокста бағын сынады

Видеодан кадр

Бокстан тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы әрі кәсіпқой бокстағы әлем чемпионы Василий Жиров «Бірінші бол» арнасына берген сұхбатында неліктен азаматтығын ауыстырғанын айтты.

«Мен қазір Америка Құрама Штаттарының азаматымын. Балаларым сол жақта болғандықтан, азаматтық алуға тура келді. Бұрынғы әйелім америкалық азаматтық алғанымды қалады, себебі ол балаларды тастап кетеді деп қорықты. Мен ешқашан балаларымды тастап кетпейтінімді айттым. Қажет кезде басқа елге кетсем де, бәрібір қайта оралатыным анық», - деді Жиров.

Айта кетейік, Василий Жиров 1996 жылы АҚШ-қа кетіп, кәсіпқой бокста бағын сынады, кейіннен осы елдің азаматтығын алды.

Материалда: