Өзбек боксшылары әлемдегі ең мықты команда – Тулкин Киличев

Редактор
08.10.2023, 12:42

Бас бапкер осындай пікірде

Фото ашық дереккөзден

Соңғы бірнеше жылдан бері Өзбекстан ұлттық құрамасының боксшылары әлемдік жарыстарда өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Мәселен, биыл Ташкентте өткен әлем чемпионатында Тулкин Киличев шәкірттері 5 алтын жүлдеге қол жеткізсе, Азия ойындарында (Ханчжоу, Қытай) үш алтын медальмен жарысты аяқтады.

Осыған байланысты бас бапкер Тулкин Киличев бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасын әлемдегі ең мықты команда деп ресми мәлімдеп отыр. Мұндай пікірін ол өзінің Instagram-парақшасында жазған.

Айта кетейік, Қазақстан боксшылары (ерлер құрамасы – авт.) Азия ойындарында небәрі бір күміс және екі қола медаль еншіледі.

Материалда: