Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Чемпион шығаруға болады». Василий Жиров отандық боксшыларға не жетіспейтінін айтты

Редактор
30.09.2024, 12:06

Ол өзі білетін әдіс-тәсілдерді үйретуге дайын екенін атап өтті

Видеодан кадр

1996 жылғы Олимпиада чемпионы Василий Жиров «Бірінші бол» YouTube-арнасына сұхбат беріп, отандық боксшыларға не жетпейтінін алға тартты.

Тілші Жировтен боксшыларға физикалық даярлық жағынан қандай кеңес беретінін сұраған.

«Ол үшін арнайы жаттығулар бар. Қалай жаттығу жасағанымды көрсете аламын. Кәсіпқой боксқа бет бұрғанда, маған бірнеше әдісті көрсетті, жаттығу кезінде соларды әлі күнге дейін қолданамын. Айтып, көрсету керек десе, мен дайынмын. Бірақ мұндай жаттығулар бәріне бірдей келеді деп айту қиын, көбісі залдан қашып кетіп, мүлде оралмауы мүмкін. Себебі ондай жаттығуларға жұрттың бәрі эмоционалдық тұрғыда дайын бола бермейді. Сөйте тұра адамға ойлауды, дұрыс дайындалуды үйретсе, кез келген жақсы боксшыдан чемпион шығаруға болады. Егер ол дайын болса, соңына дейін күреседі. Мұндайда сенің эмоционалдық тұрғыда даярлығың өте маңызды. Егер дайын болмасаң, онда мұнда сен істейтін шаруа жоқ. «Физика» белгілі бір деңгейге жеткен соң аяқталады, ал эмоция адамды алға жетелейді», - деді ардагер боксшы. 

Естеріңізде болса, 2024 жылғы Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылар барлық жеті салмақта бақ сынап, тек бір күміс медаль еншіледі.

Жарнама
Жарнама

Материалда: