Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Мен сені өлтіремін». Әлімханұлы мен Михайловичтің баспасөз конференциясы дауға ұласты

Редактор
02.10.2024, 15:09

Михайлович Жәнібекке қоқан-лоқы көрсетті

Видеодан кадр

WBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңа зеландиялық Андрей Михайловичтің Сиднейдегі баспасөз конференциясы дауға ұласты.

Михайлович жиын барысында Жәнібекке «Жексұрын, мен сені өлтіремін» деп қоқан-лоқы көрсетті. Ал оның бапкері Исаак Пич Әлімханұлын шілдеде салмақ өлшеу рәсімінде есінен танып қалғаны үшін «бокстың масқарасы» деп атады. 

Өз кезегінде «Қазақ стилінің» жақтастары Михайловичтің командасын қалыпқа келуге тым аз уақыт берді деп айыптады.

Әлімханұлы ұстамдық танытып, 4 қазан күні Андрей үшін ауыр күн болатынын ғана алға тартты. Ал конференция соңында Михайловичтің өкілдері Жәнібектің командасын балағаттады.

Жарнама
Жарнама

Материалда: