Суперфинал: Теміртас Жүсіпов өзінен 15 жас кіші Санжар Тәшкенбаймен кездеседі

Редактор
03.10.2024, 14:57

Алғашқысы 2021 жылы, екіншісі былтыр Ташкентте топ жарған

ҰОК

Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Әбдалиев атындағы халықаралық турнирдің алғашқы финалистері анықталды.

Ең жеңіл салмақ 48 келіде финалда екі бірдей әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов пен Санжар Тәшкенбай кездеседі. Алғашқысы 2021 жылы, екіншісі былтыр Ташкентте топ жарған.

Бүгін Теміртас жартылай финалда өзімен тегі бірдей Асхат Жүсіповті жеңді. Санжар болса Ернар Қараптан басым түсті.

Айта кетейік, Теміртас Санжардан 15 жасқа үлкен.