Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Мықты боксшы». Махмұд Сабырхан жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Редактор
04.10.2024, 15:02

Қос боксшы төртінші рет кездесіп отыр

Видеодан кадр

Шымкенттегі турнирдің финалында ұтылған Махмұд Сабырхан жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін Қарақозы Әбдіалиев атындағы халықаралық турнирде 57 келінің өкілі Махмұдтың Ақмола облысының тумасы Оразбек Асылқұловтен ұтылғаны туралы жазғанбыз.

«Оразбек Асылқұлов есімді боксшымен бұған дейін үш рет кездескенбіз – 2:1. Ол да мықты боксшы. Босаңсымаймыз. Азия чемпионаты алдындағы іріктеу турнирі болып жатыр. Алла қаласа, 54 келіде бокстасатын боламыз. 57 келіде бүгін Оразов жеңді. Кездесу өте тартысты өтті. 54 келіде Алтынбек Нұрсұлтан деген боксшы бар. Амманда Азия чемпионаты өтеді. Федерация басшылығы мен бапкерлер спаррингтер өткіземіз деген, сол жекпе-жектерге жақсылап дайындалу керек. Азия чемпионатына Алтынбек Нұрсұлтан екеуміздің арамыздан кім баратыны анықталады», - деді Сабырхан.

Жарнама
Жарнама