Әлімханұлының айқасының алдында Қазақстанның ескі әнұраны қосылды

Редактор
04.10.2024, 16:06

«Қазақ стилі» карьерасында тұңғыш рет Австралияда бокстасып жатыр

Видеодан кадр

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының Сиднейдегі айқасының алдында ұйымдастырушылар еліміздің ескі әнұранын қосып жіберді.

Жәнібектің жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен өтетін айқасының алдында келеңсіз жайттар көбейіп кетті. Жерлесіміз Сиднейге барғалы қарсыластары оның командасын түрлі сөздермен балағаттап, чемпиондық белбеуге қатысты да алыпқашпа әңгімелер соңғы сәтте бір-ақ шешілсе, енді әнұранға қатысты мәселе туындады.

Әлімханұлы шаршы алаңға шыққанда ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосып жіберді. Боксшы да, оның менеджері, тіпті жанкүйерлер де бұл нұсқаның дұрыс еместігін айтып, қарсылық білдіргенімен, қолданыстағы гимн сол күйі қосылған жоқ.

«Қазақ стилі» карьерасында тұңғыш рет Австралияда бокстасып жатыр. Ол шаршы алаңға бұған дейін 2023 жылғы қазанда шыққан.

Материалда: