Өзбекстан боксшылары төрт алтын олжалады
Ақтауда бокстан Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық турнирде отандық боксшылар атой салды.
Бұл аламанда қазақстандық былғары қолғап шеберлері жеті бірдей алтынға иелік етті. Нұрғиса Тұрабеков (48 кг), Бекзат Алдамжаров (51 кг), Самат Жетібаев (54 кг), Жолдас Жеңісов (57 кг), Ерхан Тұрдан (60 кг), Дәулет Төлемісов (80 кг) пен Бекболат Әбдікерім (86 кг) өз салмақтарында үздік шықты.
Өзбекстан боксшылары төрт алтын олжалады: Саят Ильясов (63,5 кг), Шахбоз Юнусалиев (67 кг), Сираджатдин Худжахметов (75 кг) пен Нусратбек Тохиров (92 кг) чемпион атанды.
Қалған екі салмақта Әзербайжан боксшыларына тең келер ешкім болмады: Сархан Алиев (71 кг) пен Махаммад Абдуллаев (92 кг салмақтан жоғары).