Ангелина Лукас қарсыласын 4-5 рет тістеп алды – Tim Boxeo

Редактор
07.10.2024, 09:11

Қазақстандық боксшы қыз IBO титулын жеңіп алды

instagram.com/angelina_lukas1997/

Бокс туралы жазатын Tim Boxeo Х-парақшасы қазақстандық былғары қолғап шебері Ангелина Лукас (11-1, 5 КО) пен аргентиналық Дебора Лопес (21-3-1, 1 КО) арасындағы айқасқа тоқталды. Боксшы қыздар аса жеңіл салмақта ІВО нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салған.

Айқас он раундқа созылып, төрешілер жеңісті бірауыздан Лукасқа берді, алайда Tim Boxeo қазақстандық қыздың шаршы алаңдағы әрекетіне көңілі толмаған.

«Қатыгез әрі ұсқынсыз жекпе-жек. Төрешілердің ресми ұпайы: 97-92, 95-94, 95-94. Лопестен алтыншы раундта желкеден ұрғаны үшін бір ұпай алынды. Осы уақыт аралығында Лукас қарсыласын ұстап алып, желкесінен ұрды және кем дегенде Лопесті 4-5 рет тістеп алды, алайда айқас соңында одан бірде-бір ұпай алынған жоқ», – деп жазды автор.

Айта кетейік, Ангелина Лукас Бангкокта (Таиланд) өткен кәсіпқой бокс кешінде аргентиналық Дебора Лопесті ұпай санымен жеңіп, IBO тұжырымы бойынша әдем чемпионы атанды.