Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатына кімдер қатысады

Редактор
16.10.2024, 14:40

Боксшылар дайындықтың соңғы кезеңін Алматы облысында өткізіп жатыр

ҚБФ

Бокстан еліміздің жастар құрамасы 23 қазан мен 3 қараша аралығында Черногорияның Будвадағы әлем чемпионатына қатысады. Аталған біріншілік қарсаңында ұлттық құраманың спортшыларының есімі белгілі болды.

Қазіргі уақытта Мақсат Бақтыбазаров шәкірттері дайындықтың соңғы кезеңін Алматы облысында өткізіп жатыр. Спортшылар дайындықтан соң бірден әлем чемпионатына аттанбақ. 

48 келі. Диас Берікбай
51 келі. Бексұлтан Боранбек
54 келі. Бауыржан Мұратов
57 келі. Жансері Көшербаев
60 келі. Алексей Хаванцев
63.5 келі. Ахмет Үсен
67 келі. Төрехан Сабырхан
71 келі. Өнер Сейілхан
75 келі. Санжарәлі Бегалиев
80 келі. Мадияр Бексұлтанов
86 келі. Бақытжан Айтмұханов
92 келі. Расул Асанханов
+92 келі. Аслан Еділбайұлы.