Ол әуесқой бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы
Алматыда өткен бокс кешінде жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ аруы Балауса Мұздыман (2-0, 1 KO) кәсіпқой боктағы үшінші жекпе-жегін өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Оның қарсыласы – Египет өкілі Мариям Габри (3-0, 2 KO).
Жекпе-жек Балаусаның басымдығымен басталып, үшінші раундта аяқталды. Алты раундқа жоспарланған кездесудің бел ортасына жетпей Габри ауыр екі соққыдан кейін құлап, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, Балауса Мұздыман кәсіпқой рингтегі қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Айта кету керек, ол алғашқы жекпе-жегін 2017 жылы АҚШ-та өткізген. Ұзақ үзілістен кейін биыл қайта қолғабын киді.