Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жынысына байланысты дауға қалған Иман Хелиф әуесқой бокстан кетті

Редактор
21.10.2024, 15:58

Боксшы кәсіпқой жекпе-жектерге қатысу туралы көптеген өтініш түскенін айтады

Getty Images

Париждегі Олимпиада ойындарында чемпион атанған алжирлік боксшы Иман Хелиф болашаққа жоспары туралы айтты.

En Nahar басылымының мәліметінше, ол баспасөз конференциясында кәсіпқой бокс әлемін бағындырғысы келетінін тілге тиек еткен.

«Жуық арада мен кәсіпқой бокс әлемінің есігін ашамын, себебі кәсіпқой жекпе-жектерге қатысу туралы көптеген өтініш түсіп жатыр», - деді Хелиф.

Оның сөзінше, ол әзірге кәсіпқой бокстағы карьерасын қай жақта бастайтыны туралы шешім қабылдамаған.

«Олимпиада немесе әлем чемпионы атану кәсіби спортта өте маңызды рөл атқарады. Біз, алжирліктер, кәсіпқой салада қай орында екенімізді көргіміз келеді», - деп қосты Хелиф.

Айта кетейік, 25 жастағы алжирлік бойжеткен Олимпиада финалында қытайлық Ян Люмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Ойындардың 1/8 финалынан бастап Иман сырт келбетіне байланысты сынға ұшырады. Тіпті италиялық Анджела Карини кездесудің 48-минутында жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, оны ер адамға теңеді. Кейіннен айыптаулар жан-жақтан түсе бастады. Ал алжирлік боксшының әкесі оның қыз екенін дәлелдеу үшін тіпті бала кезіндегі суреттерін жариялады.

Хелиф былтыр тестостерон тестілеуінен өте алмай, әлем чемпионатында қатыстырылмаған.

Жарнама
Жарнама