Қазақстанға мықты боксшылардың келуі екіталай
Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың (28-0, 20 КО) соңғы жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты. Алғашқы орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы 10 желтоқсанда Алматыда 38 жастағы жапон Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп, өзінің IBO чемпиондық белбеуін қорғаған болатын.
Аталған жекпе-жек толық 12 раундқа созылды. Төрешілер жеңісті 18:110, 120:108, 118:110 есебімен Жанқош Тұраровқа берген. Ол өз титулын қорғап қана қоймай, бәске тігілген WBA Gold белбеуін де қанжығасына байлады.
Америкалық журналист болса Жанқошпен жұдырықтасуға Қазақстанға ТОП-боксшылардың келмейтінін айтып отыр.
«Кәсіпқой бокста IBO белбеуі маңызды титул емес. Иә, бұл да чемпиондық трофей, бірақ ол үшін мықты боксшылар жұдырықтасқысы келмейді. Содан да Жанқош Тұраровқа қазір ТОП-қарсылас табу қиынға соғады. Оның үстіне Қазақстанда жекпе-жек өткізсе мықтылардың мұнда үлкен ақша бермесе келметіні тағы белгілі. Жеңіс жақсы әрине, бірақ сенің қарсыластарыңның деңгейі өспесе сен де бір орында тұрып қаласың. Бұл ойланатын жайт», - деді Маккаферри.