Тағы бір боксшымыз ӘЧ алтыны үшін рингке шығады
АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтіп жатқан бокстан 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Даниял Райымбеков (85 кг) күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, әлем біріншілігін жаңа құрылған World Boxing ұйымы алғаш рет ұйымдастырды.
Чемпионат финалы бүгін болып жатыр. Қазақстаннан барған төрт боксшының екеуі ақтық сынға шықты.
Райымбеков финалда Уэльс боксшысы Томас Питт Дэниелмен кездесіп, 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша ол World Boxing ұйымдастырған ең бірінші чемпионатта Қазақстан қоржынына алғашқы медальды салған боксшы атанып отыр.
Айта кетейік, 65 келіде өнер көрсететін Асылхан Көшербай рингке ертең шығады. Оның қарсыласы – Аустралия боксшысы Купер Макконел.