Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль түсті

Редактор
03.11.2024, 00:30

Тағы төрт боксшы финалда бағын сынайды

Қазақстан бокс федерациясы

Черногорияда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль түсті.

Бұл жолы 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аружан Зейнуллаева топ жарды. Финалда отандасымыз өзбекстандық Рухшон Парпиевамен қолғап түйістіріп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті. Есеп – 5:0. 

Еске салайық, бұған дейін 67 келіде Төрехан Сабырхан мен 75 келіде өнер көрсететін Санжарәлі Бегалиев әлем чемпионы атанды. Сабырхан кубалық боксшыны ұтса, Бегалиев өзбекстандық Джафарбек Шахбазовтың мысын басты. Бұдан бөлек ел қоржынында 10 қола медаль бар.