Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Владимир Путин халықаралық жиында алжирлік боксшы Иман Хелифтің жынысын сөз етті

Редактор
08.11.2024, 09:27

Көпшілік оның әйел немесе еркек екеніне әлі нақты көз жеткізе алмай жатыр

Getty Images

Ресей президенті Владимир Путин «Валдай» халықаралық пікірсайыс клубының кезекті отырысына қатысып, бокс тақырыбына тоқталып өтті. Атап айтқанда, алжирлік боксшы Иман Хелифтің жынысы жайында айтты.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында қыздар боксынан чемпион атанған Хелифтің басы даудан әліге дейін арылар емес. Кейбір сарапшылар оның биологиялық еркек екенін айтса, боксшының өзі мен ата-анасы қыз екенін дәлелдеп әлек.

«Егер ол расымен де әйел болса, онда мен оған денсаулық және спорттық жетістіктер тілеймін. Мен жалпы, ер адамның өзін әйел деп атап, әйелдермен жарысқа түсуіне қарсымын. Кейбір сарапшылар жыныс мүшесі ешқандай маңызға ие емес деп жатады. Яғни, еркек өзін әйел деп жариялайды екен де, жарыстарға қатыса береді екен. Дәл бұлай кез келген жетістікке жетуге болады ғой», - дейді Ресей президенті.

Айта кетейік, халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Иман Хелифті 2023 жылғы әлем чемпионатына жібермей қойған. Ол кезде боксшының еркектік гормондары көп екені мәлім болды. Десе де, ХОК биыл Хелифті Париж Олимпиадасына қатыстырып, көпшіліктен оның жынысын талқыламауды сұраған еді.

Жарнама
Жарнама