«Өтірікші және есуас»: доминикалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын айыптады

Редактор
09.11.2024, 09:16

Қос чемпион бір жылдан бері әлеуметтік желіде арпалысып келеді

Katelyn Mulcahy/Getty Images Читайте больше: https://www.nur.kz/sport/boxing/2026624-u-nego-est-poyas-vremennyy-chempion-wbc-karlos-adames-gotov-provesti-poedinok-s-alimhanuly/

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлын ақымақ деп айыптады.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек әлеуметтік желіде өзін орта салмақтың королі деп жазған болатын.

«Кейде король болу қиын. Ешкім сенімен жұдырықтасқысы келмейді. Бәрі қорқады. Кейде маған біреу шақырту тастаса екен деп армандаймын. Алайда, ешкім олай жасамайды», - деп жазды ол X-парақшасында.

Адамес болса қазақ боксшысының бұл әрекетін ақымақтық деп бағалады.

«Қайдағы король? Король өзін сен секілді ұстамайды, үнемі өтірік айтпайды, есуас болмайды. Бұған нүкте қояйық. Менің командам саған, сенің менеджеріңе және промоутеріңе хат жолдаған. Қолыңды қой, сонда нағыз корольдің кім екенін анықтаймыз», - деп жазды доминикалық боксшы.

Жәнібек Әлімханұлы көп күттірмей жауап жазды. Ол Адаместен контракт күтетінін айтып отыр.