44 жастағы кубалық әйгілі боксшы кәсіпқой боксқа қайта оралып, қарсыласын ұрып құлатты (ВИДЕО)

Редактор
13.11.2024, 11:21

Ол 2002 жылы Астанада өткен әлем кубогінде жұдырықтасып, чемпион болған

Steve Marcus/Getty Images

Кәсіпқой бокстан әлемнің экс-чемпионы кубалық Гильермо Ригондо (23-3, 16 KO) бір жарым жылдық үзілістен кейін рингке қайта оралды және нокаутпен жеңіске жетті.

Майамиде (АҚШ) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде 44 жастағы Ригондо доминикалық Даннис Ариаспен (20-3, 17 КО) кездескен болатын. Екінші жеңіл салмақта жұдырықтасқан боксшылар WBC International титулын сарапқа салды.

Жекпе-жек көп күткендей тартысты және ұзақ болған жоқ. Кубалық ардагер боксшы бірінші раундта-ақ қарсыласын бауыр тұстан дәл ұрып, құлатып қойды. Ариас мұнан кейін қайта тұрған жоқ, ол кездесуді жалғастыра алмады.

Гильермо Ригондо – Олимпиаданың екі дүркін чемпионы (Сидней-2000, Афины-2004), кәсіпқой бокстан WBA және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болған. прошлого года: Ригондо нокаутировал в седьмом раунде филиппинца Чарли Клементе-Андино.