Жастар арасында әлем чемпионы атанған алты боксшыға ХДСШ атағы берілді

Редактор
13.11.2024, 22:41

Ендігі саты – Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері атағы

Қазақстан бокс федерациясы

Черногорияның Будва қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген қазақстандық боксшыларға Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы табысталды.

Айта кетейік, әлем чемпионатынан Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс және 10 қола медальмен оралған болатын. Командалық есепте де біздің елдің құрамасы бірінші орын алды.

Ерлер құрамасынан Бексұлтан Боранбек, Төрехан Сабырхан, Санжарәлі Бегалиев, Өнер Сейілхан жеңіс тұғырынан көрінсе, қыздардан Елянур Турганова мен Аружан Зейноллаева чемпион атанды.

Осы боксшыларға бүгін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп ХДСШ деген арнайы куәлік табыстады.

Сонымен қатар, әлем чемпионатында жүлдегер атанған өзге спортшыларға Спорт министрі мен Федерация президенті ерекше алғысын айтып, Алғыс хат берді.