Боксшы олимпиадада сәттілік жетіспегенін атап өтті
WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Қазақстанның бокс мектебіне жоғары баға берді.
«Олимпиада 4 жылда бір келетін үлкен дода. Ол жерде жеңіс те болады, жеңіліс те болады. Біздің қазақ жігіттеріне сәттілік жетіспеген шығар. Бірақ біздің Қазақстанның бокс мектебі әлем бойынша әуесқой бокста бірінші орында тұр. Оны мен емес, мамандар мен жаттықтырушылар, тіпті, әлемдік IBA секілді халықаралық ұйымдар айтады», - дейді Жәнібек Әлімханұлы.
Сондай-ақ спортпен айналысып, бар өнерін көшеде көрсетіп жүрген жастарға кеңесін айтты.
«Көшеде төбелесу, көшеде ерегесу – ол өнер емес, бокс емес. Ол тек азғыру болып саналады. Оның арты ұзаққа бармайды, жақсылықпен аяқталмайды. Сондықтан өнерлеріңізді рингте көрсеткен дұрыс болады», - дейді кәсіпқой боксшы Қызық Times бағдарламасына берген сұхбатында.