Жарысты қыздар құрамасынан 10 боксшы жалғастырып жатыр
Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасының мүшесі Сымбат Әлиасқар (54 кг) жартылай финалға шыға алмады.
Отандасымыз ширек финалда Қытай боксшысы Су Вэньцяньмен жұдырықтасқан болатын. Үш раундтық қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қытайлық спортшыға берді. Ол енді жартылай финалда жарысты жалғастырады.
Осылайша, Қазақстанның қыздар құрамасынан екінші боксшы Азия чемпионатын медальсіз аяқтады. Бұған дейін денсаулығының сыр бергенін айтқан Алуа Балқыбекова (50 кг) рингке шығудан бас тартқан болатын. Енді құрлық біріншілігінде ел намысын он қыз қорғайды.