Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Сұлтан Зауырбек поляк боксшысын жеңіп, титулын қорғады

Редактор
08.12.2024, 02:35

Жекпе-жек кеші Ирландияда өткен болатын

prosports.kz

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (18-0, 13 КО) поляк боксшысын жеңіп, өз титулын сәтті қорғады.

Ирландияның Уотерфорд қаласында өткен жекпе-жек он раундқа жоспарланып, соңына дейін нокаутсыз аяқталды. Польша боксшысы Дамиан Вржесински кездесуді тың бастағанымен, соңғы раундтарда шаршаңқырап, қазақ боксшысының соққыларын өткізіп алды. Осындай ауыр соққылардың бірі оныншы раундтың басында тиіп, төреші поляк боксшысына нокдаун санады.

Он раундтың нәтижесінде төрешілер жеңісті бір ауыздан Сұлтан Зауырбекке берді. Ол осылайша өзінің 19-шы жеңісіне қол жеткізіп, WBA Continental титулын қорғап қалды. Ал, Вржесински болса төртінші рет жеңілді.

Жарнама
Жарнама