Тағы бір боксшымыз Өзбекстан спортшысынан жеңіліп қалды

Редактор
08.12.2024, 17:38

Ерасыл Жақпеқов қола жүлде иеленді

t.me/olimpicgames_Kazteamfan

Бүгін Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер бәсекесінен алғашқы қола жүлде түсті.

1/2 финалда Ерасыл Жақпеқов жастар арасында Әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының ширек финалисі, көрші Өзбекстан спортшысы Тұрабек Хабибуллаевпен жолықты. Алма-кезек басымдықпен өткен айқаста төрешілер тек bout review нәтижесі бойынша шешім қабылдап, Өзбекстан өкіліне жеңісті берді.