Отандасымыз Өзбекстанның талантты боксшысы Жахонгир Зокировті жеңді
Бүгін Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тоғызыншы боксшымыз финалға өтті.
Көпшілік асыға күткен +92 келінің жартылай финалында ұлттық құрамамыздың капитаны Айбек Оралбай мен Өзбекстанның талантты боксшысы Жахонгир Зокировтың жолы түйісті.
Әбден ысылған, тәжірибесі мол жерлесіміз алғашқы минуттан басымдықты өз қолына алып, 21 жастағы Жахонгирдің алдын орап кетті. Есеп: 5:0.
Айбек жаңа салмақта сенімді түрде финалға шықты.
Айта кетейік, Олимпиада жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков кезінде өзбекстандық Лазизбек Закировты бірнеше рет жеңген болатын. Бүгін оның ұлы Жахонгир біздің капитан Айбек Оралбайдан жеңілді.