76 жекпе-жектің 75-де жеңілген боксшы өз-өзіне қол жұмсады

Редактор
10.12.2024, 01:57

Ол биыл тамыз айындағы соңғы жекпе-жегінде миынан зақым алған

fakty.ua

Аса ауыр салмақтағы литвалық боксшы Геннадий Краевский 37 жасында өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Суицидтің себебі әлі анықталмады.

Краевскийдың кәсіпқой бокстағы мансабы толықтай Ұлыбританияда өткен. 2018 жылдың желтоқсанынан бері ол 76 жекпе-жек өткізіп, оның 75-інде жеңілген. 

2020 жылы Генадий кәсіпқой бокста әлем чемпионы Тайсон Фьюридің інісі Томми Фьюримен кездескен. Жекпе-жек төрт раундқа созылып, төрешілердің шешімімен Фьюри жеңіске жеткен болатын.

Тамыз айында кезекті жеңілістен кейін Краевский боксшы ретінде лицензиясынан айырылған.

Айта кету керек, литвалық боксшы мансабындағы жалғыз жеңісіне биыл ақпан айында қол жеткізген болатын. Ол кезде Краевский 39 жастағы британдық Райан Бротенмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен басым түсті. «Мен өзімді супержұлдыз сезініп тұрмын» деген болатын ол осы жекпе-жектен кейін.