Британдық боксшының промоутерлері рұқсатын берсе, аталған жекпе-жек жақын күндері өтуі мүмкін
Кәсіпқой бокста орта салмақта WBO және IBF тұжырымының чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) мен екінші орта дивизионда өнер көрсететін кіші Крис Юбенк жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы Жәнібектің промоутері саналатын Top Rank компаниясының президенті Тодд ДюБеф мәлімдеді.
Айта кету керек, бұған дейін Юбенктің өзі Жәнібекпен жекпе-жек өткізуге келісімін берген болатын. Алайда, оның промоутерлері басқа боксшымен келіссөз жүргізіп, ақыры бұл тақырып жабылып қалған. Енді Top Rank қос мықтының арасындағы кездесуді кез келген уақытта ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді, тек британдық боксшы мен оның промоутерлері нақты келіссе болды.
«Кеттік, тек қана алға! Біз толықтай дайынбыз. Өткен аптада Юбенктің жекпе-жекке дайын екені туралы көптеген әңгіме айтылды. Жәнібек расымен де өте шебер боксшы. Ол кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын. Юбенк мұндай жекпе-жекке қызығушылық танытатынын білдірді. Біз де қалаймыз. Ендеше кездесуді ұйымдастырайық, бұл фантастикалық жекпе-жек болар еді», - деп мәлімдеді Тодд ДюБеф Sky Sports тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кету керек, WBO рейтингінде Крис Юбенк бірінші орында тұр және ол Жәнібек Әлімханұлымен аталған тұжырымның белбеуі үшін жұдырықтасуға бірден-бір үміткер.