Тулкин Киличев Парижде есінен танып қалған еді
Англияда беделді GB Boxing Awards Night сыйлығын табыстау рәсімі өтті.
Салтанатты кеште марапатталғандардың қатарында Робби Лиллис пен Хардж Сингх бар. Ол екеуі Париждегі Олимпиада ойындарында бокстан Өзбекстан ерлер құрамасының бас бапкері Тулкин Киличевті бір өлімнен аман қалып қалған болатын.
Айта кетейік, Парижде 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда боксшы Хасанбой Дусматов жеңіске жетеді. Осыдан соң Киличев боксшыларға арналған дайындық алаңында есінен танып қалды. Сол кезде B тобының дәрігері Харж Сингх пен физиотерапевт Ртулкобби Лилис келген. Олар дефибриллятордың көмегімен бас бапкерді аман алып қалған.
Тулкин Киличев ақ халатты абзал жандарға видео құттықтау жолдады. Оны марапаттау салтанаты кезінде көрсетті.
«Өзім және отбасымның, сондай-ақ Өзбекстандағы бүкіл бокс қауымдастығының атынан Робби Лиллис пен Хардж Сингх мырзаға үлкен құрмет пен шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Олардың өз кәсібіне деген адалдығы шынымен таң қалдырады және мен олардың жанқиярлық көмегін әрқашан бағалаймын. Әлбетте менің өмірімді қалай құтқарғанын ешқашан ұмытпаймын», - деді Тулкин Киличев.