Серік Сәпиев пен Рой Джонс бірге жаттығу жасады

Редактор
19.12.2024, 14:43

Вэл Баркер кубогын иеленген қос боксшы қолғап түйістірді

Видеодан кадр

Серік Сәпиев Қарағандыда бокстан өтіп жатқан ел чемпионатын тамашалауға келген кіші Рой Джонспен бірге жаттығу жасады.

Олимпиада ойындарында жүлде алған қос боксшы шаршы алаңға шығып, Серік Сәпиев бапкерлік міндетті атқарды. Ал өткен жылы Тайсонмен шаршы алаңға шыққан Рой былғары қолғапты киіп, бірақ соққы жұмсады. Көпшілік талқысына түскен бейнежазбаны Серік Сәпиев әлеуметтік желіде бөлісті. Вэл Баркер кубогын иеленген қос боксшының әрекетіне көпшілік жылы пікір білдірген.

Айта кетейік, Серік Сәпиев 69 келіде Лондон Олимпиадасында чемпион атанса, Рой Джонс 1988 жылы Сеул Олимпиадасының күміс медальін иеленген. Соған қарамастан оған Вэл Баркер кубогы табысталды.

Сондай-ақ, кіші Рой Қазақстанға бұған дейін де бірнеше рет келген. Сонымен бірге, оның Серік Сәпиевпен тығыз байланыста екені жиі айтылады.

Материалда: